«Алатау жастары» Жастар Кеңесі, «Жергілікті «Серіктес» кәсіподағы» ҚБ-мен бірлесіп, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» орай бақталастық пен бәсеке ұшқынын тұтандыратын «TOP Brain» атты қызықты, интеллектуалды ойынын алғашқы рет толығымен қазақ тілінде өткізді.
«TOP Brain» - бұл әркім өзінің білімін, эрудициясын және жылдам ойлауын көрсете алатын қызықты ойын. Сіз логика, жалпы эрудиция, тарих, мәдениет және миыңызды толық қуатта жұмыс істейтін басқа да көптеген тақырыптар бойынша сұрақтар таба аласыз.
Алматыдағы энергетикалық компаниялар арасындағы әріптестікті нығайту мақсатында аталған іс-шараға «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «АлЭС» АҚ белсенді жастары қатысты.

Ойында 9 команда бақ сынап, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды:
1-орынды «Оян қазақ!» тобы иеленді;
2-орынды «Энерджайзер» тобы иеленді;
3-орынды «Қыран friends» тобы иеленді.