«АЖК» АҚ ЭТА-5 оқу-жаттығу алаңында жаттығу сабағы ұйымдастырылды

«АЖК» АҚ ЭТА-5 оқу-жаттығу алаңында Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамымен өртті сөндіру кезінде электр қуатын өшіру қауіпсіздігі, сондай-ақ электр генераторларын залалсыздандыру іс-әрекеттер бойынша жаттығу сабағы ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жұмыс кеңесінің хаттамасын орындау шеңберінде жүргізілді.