Тәуелсіздік күні мен Энергетиктер күніне орай сурет байқауы

Тәуелсіздік күні мен Энергетиктер күніне орай "Жергілікті "Серіктес" кәсіподағы" ҚБ «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ кәсіподақ мүшелері 3-14 жастағы балалары мен немерелері арасында сурет байқауын ұйымдастырды.

🎨🖌️ Байқаудың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Балалардың жұмыстарындағы тәуелсіздік тақырыбы сан қырынан баяндалып, болашақта энергияны қалай көретіндерін салған суреттерімен керемет жеткізе білген.

🎉Байқаудың қорытындысы бойынша балаларға сыйлықтар берілді.