«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ жұмысшыларының балалары мен немерелеріне арнап жергілікті «Серіктес» кәсіподағы» ҚБ «Сезам» қуыршақтар театрына билеттер сыйлады

Мерекелік кеште балалар Жаңа жылдық қойылымды тамашалап, шырша шамын жақты. Қойылымды балалар аса қызығушылықпен көріп, кейіпкерлердің өздеріне қайырылған сәттеріне хормен дауыстай қосылып, ертегі әлеміне еніп кеткендей болды. "Сезам" театры бүгінде қазақ мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген шаңырақтың бірі. Балаларға қуаныш сыйлаудан жалықпайтын театр ұжымына және осынау шараны ұйымдамтырған "Серіктес" кәсіподағына алғысымызды білдіреміз.