«Алатау» дәстүрлі өнер театрында Энергетиктер күніне арналған мерекелік шара өтті

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Асылов Абай Ноғайұлы мен Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының бастығы Малыбаев Талғат Жанболатұлы кәсіби мерекемен құттықтап, сала қызметкерлеріне медальдары мен төсбелгілерін табыстап, Алғыс хаттарымен марапаттады.

«Энергетика саласы – уақытпен санаспайтын, асқан жауапкершілікті талап ететін, жүгі ауыр қызмет. Осы тұста компанияның білікті энергетик мамандары, яғни Сіздердің арқаларыңызда Алматы қаласы мен облысын электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз етіп келеміз. Нағыз маманды уақыттың өзі қалыптастырады демекші, біздің ұжымда өз ісінің шебері, майталмандары жетерлік. Барлықтарыңызға жұмыста табыс, отбасыларыңызға амандық, ең бастысы өздеріңізге зор денсаулық тілеймін», - деген ақ тілегін білдірген Абай Ноғайұлы халыққа жылу мен жарық сыйлыйтын мамандық иелерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сала үздіктерін ұлықтады.

Энергетиктерді лайықты марапаттарымен құттықтап, кәсіби жеңістер тілейміз!