«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ардагерлер мен зейнеткерлерді құттықтады

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін және энергетика саласында ұзақ жылдар қызмет атқарған зейнеткерлерді арнайы барып мерекемен құттықтады.

Компания ұжымы әдеттегідей ардагерлерге, зейнеткерлерге гүл шоғы мен арнайы сый-сияпатын тапсырды.

«Қарты бар ел – қазыналы ел» демекші, әрдайым көмек қолын созудан аянбайтын компания ұжымы ардагерлер мен зейнеткерлердің әңгімелерін тыңдап, жылы лебіздерін білдірді.