Аруларды құттықтады

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ ер азаматтары нәзік жанды аруларды 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.
Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Энергетика саласында қара нарды қайыспай көтеріп, халықты электр қуатымен қамтамасыз етіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып, айналасына шуақ шашып жүрген нәзік жандар аз емес.
Аруларға зор денсаулық, табыс пен бар жақсылықты тілеген ер азаматтар әріптестерін мерекемен құттықтап ерекше көңіл-күй сыйлады.