Құрметті, әріптестер! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Алматы қаласы мен Алматы облысының әлеуметтік –экономикалық салаларының қарқынды дамуында атқарып жатқан қажырлы қызметіміз әр дайым табысты болып, ойға алған барлық арман, жоспарларыңыз орындалсын.

Наурыз – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін!

Күндей күліп келген, үлкен мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге адами бақыт, шығармашылық табыс, істеріңізге береке, елімізге құт - мереке әкелсін деген ізгі ниетімді білдіремін!

Ізгі ниетпен, Басқарма Төрағасы Абай Асылов