«Мектепке жол» акциясы аясында, жыл сайынғы игі дәстүр бойынша, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ұжымы мен «Жергілікті «Серіктес» кәсіподағы» ҚБ қолдауымен 250 оқушыға мектепке қажетті кеңсе тауарлары салынған сөмкелер дайындалды.

Бұл сөмкелер көп балалы және әлеуметтік жағынан осал санаттағы отбасылардың балаларына табысталды.

Компания ұжымы балалардың жаңа оқу жылын қуанышпен қарсы алуына жағдай жасап, білім жолындағы қадамдарына қолдау көрсетуді міндеті санайды.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мұндай қайырымдылық шараларын алдағы уақытта да жалғастыра бермек.