
АЖК спортшылары — X Спартакиадаға жол тартты
Алатау Жарық Компаниясы өз ұжымындағы спортшыларды «Самұрық-Қазына» қорының X Спартакиадасына салтанатты түрде шығарып салды. Бұл игі шара – тек спорт додасының басталуы ғана емес, ұжымдық ынтымақ пен рухтың, еңбек пен ерліктің тоғысқан сәті болды.
Салтанатты жиында компания басшылығы сөз алып, спортшыларға жылы лебіздерін білдірді. Олар жарыс жолында табандылық танытып, жоғары нәтиже көрсетуге шақырып, әр жеңістің артында бірлік пен еңбектің тұратынын атап өтті.
Биылғы Спартакиадада АЖК намысын қорғайтын спортшылар бірнеше спорт түрінде бақ сынамақ. Әрқайсысы өз саласында үздік нәтижеге ұмтылып, тек медаль үшін ғана емес, компания абыройы үшін де күреседі. Бұл – қызметтегі жауапкершілік пен спорттағы табандылықтың қатар өрілген айқын көрінісі.
Алатау Жарық Компаниясы ұжымы жарысқа аттанған әріптестеріне сәттілік, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейді.