“Алатау Жарық Компаниясы” АҚ-ның ұжымы ҚР парламенті мәжілісінің депутаттарымен кездесу өткізді. Парламент мәжілісінің депутаттары Құспан Айгүл және Сүлейменова Жұлдыз энергетика саласының қызметкерлерімен еліміздегі біршама мәселелерді  талқылады. Кездесу барысында жиналғандар мәжіліс  депутаттарына өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, нақты жауап алды. Сонымен қатар шара барысында мәжілісмендер еліміздегі біршама атқарылып  жатқан жұмыстар мен өзгерістерге  де тоқталып өтті.