whatsapp_image_2022-03-19_at_20.54.01_1.jpeg

19 наурыз күні жол-көлік оқиғасы салдарынан Мұхит Үмбетов қайтыс болды. Үмбетов Мұхит Әбікеұлы 2011-2021 жылдар аралығында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ басқарды. «АЖК» АҚ ұжымы атынан марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

Үмбетов  Мұхит Әбікеұлы 1960 жылы Алматы облысы  Жамбыл ауданы Аққайнар ауылында дүниеге келген. 1988 жылы  Алматы энергетика институтын  «Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қалаларды электр қуатымен қамтамасыз ету» мамандығы, инженер-электрик біліктілігі бойынша тәмәмдады. Еліміздің энергетика саласында 40 жылға жуық қызмет етті. Электрмонтерден бастап, ірі энергетикалық компанияның Басқарма төрағасына  дейін лайықты еңбек жолын өтті. Ол компанияның индустриялық, технологиялық және нормативтік базасын дамытуға көп күш жұмсады. Сондай-ақ Алматы қаласы мен облысының электр желілері мен тарату желілерін жетілдіру үшін жаңа қуаттарды енгізу бойынша көптеген іс-шара өткізді.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы ретінде басшылығымен 30-дан астам қосалқы станса салынып, қайта құрылды. Алматы қаласы айналасында 220кВ ЭЖЖ сақинасын жасау аяқталды. «Бесағаш» ҚС, «Бесағаш-Ерменсай-АТЭЦ-3» ҚС құрылысы аяқталды. 30МВА трансформаторлық қуатының өсімін қамтамасыз ету үшін №14 А «Түрксіб» 110/10/6 кВ ҚС құрылысын басқарды. Алматы қаласы мен облысы бойынша электр желілерін жаңғырту және кеңейту бойынша қызметтерді абыроймен атқарды.

Еліміздің энергетика саласының дамуына, аймағымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан сүбелі үлес ескеріліп, талай жоғары марапатқа ие болды. Атап айтқанда, «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Еңбегі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Құрмет  белгісі»,  «Қазақ тілінің жанашыры» медалімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл»,  «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен, «ТМД-ның Еңбек сіңірген энергетигі», ҚЭҚ «Еңбек сіңірген энергетигі», «ГОЭЛРО 100 жыл» төсбелгісімен, ҚР Энергетика министрінің Құрмет грамотасымен, Алматы қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. «Жамбыл, Қарасай ауданының  құрметті азаматы», «Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты» атағының иегері. 2021 жылы Мұхит Үмбетовтың есімі «АЖК»АҚ «Құрмет кітабына» енгізілді.