Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата заңға өзгерістер енгізу туралы бейнеүндеуі көптің көкейіндегісін дөп басқан маңызды мәлімдеме болды. Конституцияның үштен бірі халық қалаған өзгерістер негізінде реформаланбақ. Бұл ел тарихындағы аса маңызды қадам болмақ. Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ұжымымен кездесіп, салмағы ауыр саяси науқанның мән-маңызын түсіндірді. Жиында бастамалар Мемлекет басшысының өкілеттілігін күшейтуге емес, ықпалды Парламент құру арқылы қоғам үнін ескеретін Үкіметті қалыптастыруды көздейтіні тілге тиек етілді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, компания қызметкерлері де Жаңа Қазақстанның болашағы үшін референдумға қатысып, өз таңдауларын білдіретінін жеткізді. Алматылық энергетиктер «Дауыс беру – азаматтық парыз, ел ертеңіне алаңдайтын перзент ретіндегі борышымыз» деп санайды. Саяси шарада референдум демокартиялық дамудың жаңа көрінісі екендігі атап өтілді.

image-27-05-22-08-44-1.jpeg
image-27-05-22-08-44-2.jpeg
image-27-05-22-08-44.jpeg
image-27-05-22-08-44-5.jpeg
image-27-05-22-08-44-4.jpeg
image-27-05-22-08-44-3.jpeg