Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді. Энергетика саласында қара нарды қайыспай көтеріп, халықты электр қуатымен қамтамасыз етіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып, айналасына шуақ шашып жүрген нәзік жандар көп.
“Алатау Жарық Компаниясы”АҚ-ның ұжымы асыл жандарды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады. 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған шарада ардақты аналар мен аяулы аруларға сый-құрмет көрсетілді. Энергетика саласында тынбай еңбек етіп жүрген нәзік жандыларға грамоталар мен гүл шоқтары ұсынылды. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Қымбатты ханымдар! Сіздерді 8 – наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз! Әрқашан отбасыларыңыздың ажары, орталарыңыздың базары болып жүріңіздер! Босаға ларыңыз бақытқа, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын! Түңліктеріңізден күннің нұры, айдың сәулесі түсіп, сол шуаққа, жылуға, мейірімге, махаббатқа бөлене беріңіздер! Сәулетті де дәулетті ғұмыр, әлемдегі барлық жақсылықты тілейміз. Арман-тілектеріңіз орындалсын!