Қазақ тілінде ешкім дұрыс сөйлемейді, араластырады...

Ана тілі бола тұра, сол тілде сөйлесуге арланады,-деп айтамыз -ау бәріміз. Бірақ соған кішкене болса да, өзің не істедің қандай да болсын бір әрекет жасадың ба ?,-деген сұраққа қалай жауап беретін едің... осы мақсатта...

"Теңіз -тамшыдан құралады"-демекші ай сайын 1 кітапты ҚАЗАҚ тілінде оқып, өзара талқылаймыз. Әр адам өзінің субъективті ойымен бөліседі. Сан алуан пікірлер. Ой-өрісіңде, тілдік қорыңда жаңа сөз тіркестерімен толығады. Кейбір кездері кітап арқылы ойың бөлінеді. Шығармалардағы үзіндіні шынайы өмірмен, сол кезде ситуациямен салыстырамыз. Орта адамды өзгертеді. Өз өмірімізді мәнді де сәнді етейік!!!