
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 20 қыркүйекте Арбатта өткен жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесіне қатысты
Шараға қатысудағы компанияның басты мақсаты — оқу орындарының түлектері мен жұмысқа орналасуға ниеттенген жандарға көмектесу.
Жәрмеңкеде қызығушылық танытқан барша ізденушілерге адам ресурстары басқармасының қызметкерлері компанияның бағыт-бағдары туралы толық ақпарат беріп, жастарды өндірістік салаға қызмет етуге шақырды.