
“Alataŷ Jastary” жастар кеңесі “Жергілікті “Серіктес” кәсіподағы” ҚБ-мен бірлесіп кезекті “Top brain” интеллектуалды ойынын өткізді
Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған жас қызметкерлер арасындағы бұл жолғы сайыс әдеттегін өзгеше болды. Кезең тақырыптарының ауқымдылығымен және өзіндік мақсатымен ерекшелене отырып, қатысушылардың түрлі салада ой өрбітуіне мүмкіндік берілді. Аталған жарысқа АлЭС және АлматыЭнергоСбыт компанияларының жас мамандарыда қатысты. Серіктес компания қызметкерлерінің бір топта жұмыс жасап, кез-келген тақырыпта ой алмасулары, алдағы уақытта қызметкерлеріміздің еш қиындықсыз бірлесіп жұмыс жасауларына өз мүмкіншілігін туғызатындығы анық.
Сайыстың жалпы мақсаты – қазақ халқының тарихын, ғылымын, өнерін, әдеби мұраларын насихаттау, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, энергетика салсындағы білімдерін күшейту, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын арттыру болып табылады. Интеллектуалды сайыстан кейін жас энергетиктердің атқарып жүрген жұмыстарына деген қызығушылықтары арта түсіп, компанияға деген көзқарастары одан сайын жақсара түскені анық. Сонымен қатар, түрлі тақырыптар желісінде өткізілген жарыстан әр ойыншының бойына сіңіріп кеткен жаңа дүниелеріде жоқ емес.
Сайыс:
- “Жауабын таңда” Тәуелсіздік аясында
- “Энергетика”
- “Көңілашар” медиа сұрақтар
- “Тақырып” ортақ бір тақырып аясында
- “Мәссаған” логикалық сұрақтар
- “Қазақстан”-деп, аталатын өзіндік ерекшеліктері бар 6 кезеңнен тұрды.
Ойын жеңімпаздары 3 орынмен анықталды. Жеңімпаз командалардың екбектері бағаланып, сыйлықтар беріліп, грамоталармен мараппатталды. Қызыққа толы болған жарыстың негізгі мақсаты қатысушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу болып табылғандықтан, ұйымдастырушы тарап өз діттеген мақсаттарына толығымен жетті деп айта аламыз.







