«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ басшылығы мен «Серіктес» кәсіподағы қызметкерлермен кездесті. Көшпелі жиын мүшелері Жамбыл, Қарасай, Балқаш, Іле, Талғар аудандық электр тораптарын аралады. Мақсат – аудандық электр тораптарындағы қызметкерлерге компанияда атқарылып жатқан және келешектегі жұмыс жоспарларымен бөлісу. Жиында мамандар компанияның ұжымдық келісімшартымен танысты. Сондай-ақ тұтынушыларды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін қандай техникалық жабдықтар мен құрал-саймандар қажет екендігі талқыланды. Кәсіподақ тарапынан қызметкерлер мен олардың отбасы үшін жасалынып жатқан жеңілдіктер айтылды. Жүздесуде әріптестер де өз ұсыныстарын білдірді. Басшылық әрбір айтылған өтініштің ескерусіз қалмайтынын жеткізді.
echo JText::_('HOT_LINE')?>