«Самұрық-Энерго» холдингіне кіретін қуат өндіруші кәсіпорындар алдағы күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа толық дайын. Бұл туралы бүгін компания өкілдері холдингтің Алматы энергия кешендеріне барған кезде мәлімдеді. Осы уақытқа дейін «Самұрық-Энерго» АҚ энергия көздері белгіленген тәртіппен Дайындық паспорттарын алуда. Станциялар электр және жылу жүктемелерінің берілген кестелерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Алматы қаласы мен облысының тұтынушыларын электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ететін еншілес компаниясы. Электр беру желілерінің жалпы ұзындығы - 29 531 км.

«АЖК» АҚ-ның 2022 жылға арналған негізгі жабдықтарды жөндеудің бекітілген кестесіне сәйкес жоспарланған жөндеу жұмыстары толық көлемде орындалды.

«АЖК» АҚ-ның жөндеу бригадалары автокөлікпен, арнайы техникамен көліктермен және арнайы тетіктермен жарақтандырылды, арнайы киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталды. Авариялық қор бекітілген тізбеге сәйкес толық көлемде жинақталды.

whatsapp_image_2022-10-07_at_12.42.02_2.jpeg
whatsapp_image_2022-10-07_at_12.42.02_1.jpeg
whatsapp_image_2022-10-07_at_12.42.01.jpeg
whatsapp_image_2022-10-07_at_12.41.59.jpeg
whatsapp_image_2022-10-07_at_12.42.02.jpeg