Шара барысында білікті, өз саласының нағыз майталмандары, кәсіби шеберлері құрметке бөленіп, марапатқа ие болды. Салтанатты жиынды «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Абай Асылов бастап ашып, барша ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, отбасыларына бақ-береке тіледі. Бірлігі жарасқан, тірлігі қыр асқан ұжым ел экономикасының дамуына, энергетикалық әлеуетін арттыруға, қауіпсіздікті күшейтуге сүбелі үлес қосып келеді. Мерекелік жиында ерен еңбегімен көзге түскен энергетиктер ҚР Энергетика министірлігі, «Самұрық-Қазына», «Самұрық-Энерго», «Kazenergy» қауымдастығы, Алматы қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Кәсіби мереке құрметіне орай осы салада ұзақ жыл жемісті еңбек еткен мамандар «ҚР еңбек сіңірген энергетигі», «Құрметті энергетик», «Ардагер энергетик» атанып, арнайы марапаттарға ие болды.

img-20221222-wa0010.jpg
img-20221222-wa0011.jpg
img-20221222-wa0009.jpg
photo1671716563.jpg
img-20221222-wa0012.jpg