СЕНБІЛІК

🌱 Сенбілік — тазалық кепілі. Осындай тазалық жұмыстарын жүргізу мекеме қызметкерлерінің назарынан тыс қалған емес.

13.05.2023 жылы "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ ұжымы жаппай сенбілікке шықты.

Мекеме қызметкерлері бір кісідей жұмылып, ішкі санитарлық жағдайын арттырумен қатар, сыртқы аулаларды түгелдей тазартып шықты. Қыздар кабинеттерді тазалау секілді жұмыстармен айналысса, ерлер сыпыру, мекеме аумағын қоқыстан тазарту, ағаш отырғызатын орындарды әзірлеу, сырлау сынды бірлескен жұмыстарды атқарды.

Сенбілік — бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. Барша қазақстандықтарды туған жерімізді таза ұстауға шақырамыз.