Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына толық дайын

Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңына сәйкес ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті 25 қыркүйекте «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 2024-2025 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысқа әзірлік паспортын берді.

Қысқы жылыту маусымында электр энергиясынан тапшылық болмау мақсатында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ күрделі жөндеу жұмыстарын жыл сайын жүргізіп отырады. Биыл да компания әуе және кабелдік желілерге, кернеуі 6-10/0,4 – 35 кВ және одан жоғары трансформаторларға, қосалқы стансаларының қондырғыларына жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Бүгінгі күні «АЖК» АҚ бекітілген кестеге сәйкес жоспарланған жөндеу жұмыстарын толық көлемде орындады. Сондай-ақ, жөндеу бригадалары автокөлікпен, арнайы техникамен көліктермен және арнайы тетіктермен жарақтандырылып, арнайы киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталды.