«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Жаттығу барысында адамдардың өрт кезінде эвакуациялануы, іс-әрекеті және компания қызметкерлерінің жұмыстары пысықталады. Өрт болған жағдайда ғимараттағы адамдарды қай жерден, қалай шығаруға және алғашқы көмек қалай жүргізілуі керектігі, сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы айтылды.

«Өрт пайда болуының негізгі себептері – адамдардың өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамауы», - дейді мамандар. Сондықтан, отты абайсыз пайдаланудан аулақ болып, от жағуға арналған құралдарды қолданар бұрын техника қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

Мұндай оқу-жаттығу жұмыстары қоғамда жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. Бұл компания қызметкерлерінің тілсіз жаумен күрес бойынша дағдыларын пысықтап, жылдам әрекет етуіне мүмкіндік береді.