Бүгін қалалық атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері, Аманат партиясы Бостандық ауданы филиалының төрағасы Сәбен Тынышқали және «Байтақ» партиясының мүшесі Ерлан Қыдырбаев «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ұжымымен кездесуін өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Кездесу барысында еліміз үшін ерекше мәнге ие, көптеген өзгерістердің бастамасына түрткі болып отырған, АЭС салудың экономикалық тиімділігі мен қауіпсіздік шаралары кеңінен талқыланып, қоғам қызметкерлері толғандырған сауалдарына штаб мүшлерінен жауап алды.

«Қазақстанның энергетикалық болашағы үшін АЭС салу өте маңызды. Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр екені айтылып келеді. Осы тапшылық жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға тікелей әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіруде»,-деді Халықтық штаб мүшесі Сәбен Тынышқали.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.