«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ұжымы халқымыздың мәдениетін дәріптеуге арналған «Ұлттық сезім» жобасына қатысты
Компания жұмысшылары ұлттық стильдегі әр түрлі әрлендірген камзолдар, шапандар, сырма кеудешелер, ұзын кәжекейлер киіп, ою-өрнекті білезіктер мен сырғалар тағу арқылы тарихымызды жаңғыртуға өз үлестерін қосып қана қоймай, осылайша салтымыз бен дәстүрімізге деген құрметтерін білдіруде.
Дәстүрді қолдау – біздің тарихымыз бен рухымыздың бір бөлшегін сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізудің мүмкіндігі.