

“Alataý Jastary” жастар кеңесі “Серіктес” кәсіподағының қолдауымен “Book Club АЖК” кітап клубы өз оқырмандарымен бірге кезекті талқылау кешін бұл жолы алғаш рет өзгеше дебат форматында өткізді
Бұл іс-шара барысында Шыңғыс Айтматовтың "Қош бол, Гүлсары" туындысы талқыланды. Кітапта Танабай мен Гүлсарының достығы, өміріндегі қиындықтары мен қуаныштары баяндалады. Танабайдың Гүлсарыны алғаш жолықтырып, оны баптап, жорғалардың қатарына қосқаны әсерлі суреттеледі. Гүлсарының ерекше қасиеттері мен тағдыры да көпшілікке ой салды. Сонымен қатар, іс-шара дебат түрінде ұйымдастырылып, логикалық және сыни ойлауды, коммуникацияны, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталды.
Кітапты жаны сүйетін, өткен тарихты сүйсіне зерттейтін, кез-келген автордың шығармашылығына қызыға қарайтын оқырмандарымыздың қаңтар айына белгілеген кітабы Дэниел Киздың “Алжернонға арналған гүл” туындысы.