«Алатау Жарық Компаниясы» ұжымы ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін кеңінен атап өтті. Мерекелі шара барысында киіз үйлер тігіліп, қызметкерлерге арналып мерекелік дастархан жайылды.
Іс-шара барысында түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылып, ән мен күй шырқалды. Қызметкерлер қазақтың салт-дәстүрлерін паш етіп, келген қонақтарға наурыз көже ұсынылды.
Мереке барысында компания басшылығы барлық қызметкерлерді құттықтап, елге бейбіт өмір мен молшылық тіледі. Бұл шара ұжымның ауызбіршілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға үлкен үлес қосты.