Жоба «Жергілікті «Серіктес» кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің және «Alataŷ Jastary» жастар ұйымының ұйымдастыруымен өтті.
 
Қызметкерлер ән, би, поэзия, аспапта ойнау секілді бағыттар бойынша өнер көрсетіп, кәсіби қазылар алқасының бағалауынан өтті. Финалдық кеш 30 сәуірде өтіп, нағыз мерекеге айналды!
 
Жеңімпаздар: – Би: Ескелді Альфия
– Поэзия: Исаева Фариза
– Аспап: Алиханұлы Асхат
– Вокал: Менбай Индира
– “Ең көп лүпіл” номинациясы: Имамадиев Бақыт
Барлық қатысушылар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды!
 
«Жергілікті «Серіктес» кәсіподағы» ҚБ төрағасы Қали Сабыржан Базылбекұлы: «Қызметкерлеріміздің таланты – ұжымның рухани байлығы» – деп атап өтті.
 
Бұл – бастамасы болып, «АЖК жұлдызы» жобасы дәстүрге айналады деген сенімдеміз!
 
Компаниямыздағы әр жұлдыз жарқырауға лайық!