
Жұмысшылар жылы аясында жас өндіріс мамандарын дамыту бастамасы "7 Qadam PRO" бағдарламасының бірінші модулі Алматы қаласында өткен болатын.
20 ірі компаниялардан, 80000 жас мамандар арасынан, 21 қатысушы іріктелген. Солардың қатарында әріптесіміз 6 Электр Тораптары Ауданы жедел аттану бригадасының электрмонтері Николай Иванов та бар.
«Мен осы санның қатарына кіргеніме қуаныштымын. "7 Qadam PRO" бағдарламасы барысында «Самұрық-Қазына» қорына үлес қосуға мүмкіндігім бар. Барлық мүмкіндіктер өз қолымызда. Алда әлі көп жеңістер күтіп тұр», дейді Николай.
Әріптесімізге алдағы іріктеулерден сүрінбей өтуіне тілектеспіз!




