
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Балқаш ЭТА 26 жыл абыройлы еңбек етіп, талай жас маманға үлгі болған – Байтемірова Лаура Шаршатайқызын зейнет демалысына шығарып салды
Лаура Шаршатайқызы 1997 жылы қарапайым контролерден бастап, инженер, кейін мастер қызметіне дейін көтерілген. Тұтынушылармен есеп жүргізуді автоматтандырылған есеп жүйесіне көшіру кезінде орасан зор үлес қосқан.
Сондай-ақ, жүйелі жұмыс пен жоғарғы жауапкершілікті өз ұстанымым деп қабылдайтын Лаура Шаршатайқызы «Жергілікті «Серіктес» кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің де белсенді мүшесі болған.
Байтемірова Лаура Шаршатайқызына компания үшін атқарған адал еңбегін және барлық қоғамдық іс-шаралардағы белсенділігін бағалай отырып, "Қазақстандық энергетиктердің салалық кәсіподағы" ҚБ «Құрмет белгісі» берілді. Аталған төс белгіні облыстық электр желілері басқармасының басшысы Абылқасымов Нұрділлә Әдиұлы мен «Жергілікті «Серіктес» кәсіподағы» ҚБ төрағасы Қали Сабыржан Базылбекұлы өз қолдарымен табыстады.
Ерекше құрметке бөленген әріптесімізді зейнетке шығуымен құттықтаймыз! Мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз!
