Салтанатты шараға "АЖК" АҚ Басқарма Төрағасы Асылов Абай Ноғайұлы, Райымбек ауданының әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы, жергілікті ақсақалдар кеңесінің төрағалары және ауыл тұрғындары қатысты.
Шара барысында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы мен Райымбек ауданының әкімі сөз сөйлеп, "Электрмен жабдықтау қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында құрылған жаңа құрылым 14 200 шаршы шақырым аумақта 30 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді" деп жаңа нысанның маңыздылығына тоқталды.