
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша тұтынушылар мен мүдделі тұлғалар алдында жария тыңдалым өтті
Реттеліп көрсетілетін қызмет - электр энергиясын беру бойынша "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ бекітілген тарифтік сметаның орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы, реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау және "Алатау Жарық Компаниясы"АҚ қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы 2024 жылдың қорытындысы бойынша тұтынушылар мен мүдделі тұлғалар алдында жария тыңдалым өтті.
Жария тыңдаудағы қатысушылар мен БАҚ өкілдері субъектінің тарифтері мен тарифтік сметаларының жобаларына қатысты өздерін толғандыратын сұрақтарына жауап алды.
Жария тыңдау қорытындысы бойынша ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланды.

