Әлемдік деңгейдегі беделді додаларда бақ сынап жүрген былғары қолғап шеберіне энергетиктер құрмет білдіріп, жеңісімен құттықтады.

Еске сала кетсек, намысты қолдан бермей, жүлдесіз қайтпайтын Елянур 2023 жылы Астана қаласында өткен бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының және 2024 жылы Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы атанған.