
15 наурыз - Қайырымдылық жасау күні Наурызнама онкүндігінің бұл күні қайырымдылықты насихаттауға арналады
Қазақ халқында қайырымдылық қашанда қасиетті ұғым саналған. Бүгінде елімізде игі істерге атсалысып жүрген жандар көбейіп, қайырымдылық мәдениеті дамып келеді.
"Жергілікті "Серіктес" кәсіподағы" ҚБ қолдауымен "Alatay Jastary" АЖК Жастар Ұйымының мүшелері бүгінгі қайырымдылық күніне өз үлестерін қосып, ауызы берік жандарға құрма мен су үлестірді.
Әр үйдің жарығын үздіксіз беруде аянбай еңбек етіп жүрген әріптестестеріміз, яғни жедел аттану тобынан бастап, көше тазалығына жауапты жандар мен кептелісте тұрып үйлеріне ауыз ашарға жете алмаған жүргізушілер, тіпті қала тұрғындары да жастарымыздың назарынан тыс қалмады.


