
Алатау Жарық Компаниясы – Игі Істерге Үнемі Үлес Қосатын Компания
Астанадағы Ботаникалық бақта үшінші рет өткен дәстүрлі Charity Samruk Marathon қайырымдылық шарасы биыл үлкен жетістіктерге жетті. Бұл ауқымды марафон «Самұрық-Қазына» қорының ұйымдастыруымен өтті және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті кабинеттер ашу мақсатын көздеді.
Марафон аясында 200 миллион теңге көлемінде қаражат жиналып, елордада 10 жаңа инклюзивті кабинет ашуға мүмкіндік туды. Бұл – ерекше балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау бағытында үлкен қадам.
Игі шараға биыл 3 000-нан астам “Самрұқ-Қазына” АҚ қызметкерлері қатысты.
Осындай маңызды әлеуметтік жобалардан Алатау Жарық Компаниясыда тыс қалмай, жыл сайын қатысып, өзінің азаматтық жауапкершілігін көрсетіп келеді. Алатау Жарық Компаниясы – тек энергетика саласында ғана емес, сонымен қатар қоғамға пайда әкелетін бастамаларға белсенді қолдау көрсетеді. Компания қызметкерлері мен басшылығы мұндай шараларға атсалысу арқылы қоғамда мейірімділік пен жанашырлықтың артуына өз үлестерін қосып келеді.
Алатау Жарық Компаниясы ұжымы үшін бұл марафон тек қайырымдылық шарасы ғана емес, бірлік пен жанашырлықтың белгісі. Компания алдағы уақытта да осындай игі істердің бел ортасында болуды мақсат етеді!


