
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге құрмет көрсетілді
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге құрмет көрсетілді
9 Мамыр – Жеңіс күні қарсаңында "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін арнайы құттықтап, ілтипаттарын білдірді. Елге бейбіт өмір мен тыныштық сыйлаған, ерлік пен еңбекқорлықтың символына айналған аға буын өкілдері – біздің мақтанышымыз, рухани темірқазығымыз.
Ардагерлердің бірі соғыс аяқталғаннан кейін энергетика саласының дамуына орасан үлес қосқан жан 100 жастағы Қамбар Әмірұлы Сарсенов. 1980 жылдан бастап Алматы қалалық энергетика жүйесінде оң жеті жыл бойы еңбек еткен Қамбар ақсақал – нағыз күрескер, Отан бостандығы үшін аянбай тер төккен қайраткер.
Сондай-ақ, 86 жастағы Самойлова Галина Ильинична да өз естеліктерімен бөлісіп, балалық шағының соғыс пен неміс тұтқынында өткен ауыр кезеңдерін еске алды. Компания қызметкерлері Галина әжейге жылы лебіздерін білдіріп, мызғымас денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.
Атаулы күні бейбіт өмірге үлес қосқан тыл ардагерлерін де ұмыт қалдырмадық. Соғыс жылдарында ауыр еңбекті арқалаған, ел үшін еңбек еткен Овчинникова Ольга, Кузьмина Домна, Лаврова Валентина және басқаларына алғыс білдіріліп, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Ардагерлеріміздің "Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!" деген ұраны бізді қайраттандырады. Біз олардың ерлігі мен еңбегін әрдайым ерекше құрметпен еске аламыз.
Ұлы Жеңіс күні – ел тарихындағы маңызды күн. Бұл мереке – батырларымыздың жанқиярлық ерлігінің символы. Ардагерлеріміздің ерлігі мәңгі ұмытылмайды.





