
«Үздік еңбек әулеті» — Еңбек ұрпақтан ұрпаққа жалғасады
📌Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «AMANAT» партиясының Бостандық аудандық филиалы «Үздік еңбек әулеті» байқауын ұйымдастырды.
👨👩👧👦 Байқауға ауданда кәсіби шеберлікті ұрпақтан ұрпаққа аманаттап келе жатқан 35 еңбек әулеті қатысып, олардың ішінен 4 отбасы ақтық кезеңге өтті. Бұл — нағыз еңбек адамының, отбасылық бірліктің, кәсіби адалдықтың айқын көрінісі.
🏆 Байқау жеңімпаздары:
🥇1-орын — Есім Сағат, «Алатау Жарық Компаниясы» қосалқы станциясының қызмет көрсету жөніндегі электрмонтері.
🥈2-орын — Нұрқалықов Ұлан, «Stamp Service» көгалдандыру және абаттандыру мекемесінің жүргізушісі.
🥉3-орын — Батырхан Жансейіт, «Stamp Service» мекемесінің слесарь-сантехнигі және Нартова Олеся, Сейсмология институтының химиялық-талдамалық зертхана меңгерушісі.
👏 Барлық қатысушыларға еңбек дәстүрін сақтағаны, ел дамуына қосқан үлестері үшін зор алғысымызды білдіреміз! Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
✅Еңбек — елдің тұғыры, ұрпаққа өнеге!