Астана, 2025 жыл — "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ спортшылары "Самұрық-Энерго" компаниялар тобы арасында өткен дәстүрлі спартакиада аясында садақ ату сайысында жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Сайыс нәтижесі бойынша Телекоммуникация басқармасының бөлім бастығы Дәулет Тұяқов ерлер арасындағы бәсекеде алтын медаль 🥇 иеленсе, әйелдер арасында жетекші инженер Жазира Дәулетқызы да өз шеберлігін дәлелдеп, алтын жүлдені 🥇 жеңіп алды. Бұл жетістік – тек компания үшін ғана емес, бүкіл энергетика саласындағы бұқаралық спортты дамыту жолындағы үлкен табыс болып саналады.

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ ұжымы өз қызметкерлерінің кәсіби салада ғана емес, спортта да биік жетістіктерге жетіп жүргенін мақтан етеді. Компания басшылығы қызметкерлерді салауатты өмір салтын ұстануға және ұжымдық рухты нығайтуға шақыра отырып, мұндай спорттық шаралардың маңызын ерекше атап өтеді.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да табыс пен толағай жеңістер тілейміз!