2025 жылғы маусым айында Астана қаласында «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының компаниялар тобы арасында дәстүрлі түрде өткізілетін Х мерейтойлық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. Бұл ауқымды спорттық іс-шара – қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, ұжым ішіндегі ынтымақ пен бірлікті нығайтатын маңызды алаң.

Спартакиадаға «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлері де белсенді қатысуда. Компания командасы әр спорт түрінен бақ сынап, кәсіби дайындықтары мен мықты командалық рухын көрсетуде.

Бұл спорттық мереке – тек жарыс пен нәтижелер ғана емес, әріптестер арасындағы достықты, өзара қолдауды және корпоративтік мәдениетті дамытатын маңызды платформа. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл дода бүгінде жүздеген энергетикті біріктірген айтулы оқиғаға айналды.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ командасының спортшыларына сәттілік пен толағай табыс тілейміз! Әділ жарыс, жарақатсыз дода және жарқын жеңістер жолдас болсын! Командалық ауызбіршілік пен табандылық әрдайым сіздерге серік болғай!