Астана қаласында өтіп жатқан «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы қызметкерлерінің X Спартакиадасында «Самұрық-Энерго» командасы арқан тарту сайысында жүлдегер атанды. Күш пен бірлікті, ептілік пен төзімділікті қатар талап ететін бұл сайыста команда мүшелері табандылық танытып, үздік үштікке енді.

Арқан тарту – тек күш сынасатын жарыс қана емес, нағыз ұйымшылдықтың көрсеткіші. Әрбір қатысушының сенімді қимылы, бір мақсатқа жұмылған жігері және бір-біріне деген қолдауы жарыс алаңында айқын көрінді. Қарсыластар мықты болғанына қарамастан, «Самұрық-Энерго» спортшылары намыс пен қайсарлық танытып, үшінші орын тұғырынан көрінді.

Бұл жеңіс – команданың дайындығы мен ұйымшылдығының нәтижесі ғана емес, ұжымдық рухтың айқын дәлелі. Қола медаль – қоржындағы тағы бір қымбат жетістік, әрі алдағы жарыстарда жаңа жеңістерге жол ашатын сенімді қадам.

Самұрық-Энерго ұжымы жүлдегер спортшыларды шын жүректен құттықтап, спорттық және кәсіби жолда табыстар тілейді.