Алатау Жарық Компаниясының электр монтері Алмас Калиуллин «Самұрық-Қазына» қорының X Спартакиадасында ерекше жетістікке жетті. Ол баскетбол сайысында жоғары шеберлігін танытып, “Үздік орталық ойыншы” номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Жарыс барысында Алмас команданың қорғаныс пен шабуылдағы негізгі тірегіне айналып, дәл пастары, биік секірістері және сенімді ойынымен көзге түсті. Оның ойын барысындағы салқынқанды шешімдері мен спорттық тактикасы команданың нәтижесіне елеулі үлес қосты.

Бұл марапат – Алмастың тек жеке шеберлігінің ғана емес, оның табандылығы мен командалық рухының айқын дәлелі. Әріптестеріміздің спортта да, қызметте де биіктен көрінуі – бүкіл АЖК ұжымы үшін үлкен мақтаныш.

Алмасты шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да спорттық және кәсіби жетістіктер тілейміз!