Халықты жарықпен қамтамасыз ету саласында бір мекемеде 40 жыл тапжылмастан еңбек етіп келе жатқан білікті маманның бірі – Тегенбаев Тоқтасын Ғалымбайұлы

Еңбек жолын электрмонтерден бастаған Тоқтасын Ғалымбайұлы бүгінде Есік электр тораптар ауданының бас инженері.

Өзінің кәсіби шеберлігімен талайға ұстаз болып отырған ол «Энергетикадан бөлек сала мен үшін бөтен көрінеді» дейді.

Бүгінде алпысты алқымдаған Тоқтасын Ғалымбайұлы энергетика саласындағы жетістіктері мен жоғары кәсіби қабілеті үшін "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі» төсбелгісімен, көптеген грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталып, компанияның құрмет кітабына енді.