Тарифтер

14.04.2026

Подключиться к конференции Zoom
https://us06web.zoom.us/j/3973835856?pwd=Qpr4WJEmxHUciiEBauIqNIMQecRfxw.1&omn=82589266643

Идентификатор конференции: 397 383 5856
Код доступа: 1111

07.04.2026

2025 жылғы қорытындылар бойынша реттемелі қызмет – электр энергиясын беру бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы, реттемелі қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметінің тиімділік көрсеткіштерінің жетістіктері туралы есепке ақпарат

26.03.2026

«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамының 2026-2030 жылдарға электр энергиясын беру бойынша реттелмелі қызмет тарифтерін өзгерту туралы хабарлама

Осы арқылы «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департаменттерінің «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамының 2026-2030 жылдарға электр энергиясын беру бойынша реттелмелі қызмет тарифі мен тарифтік сметасын бекіту туралы» 2025 жылғы 28 қарашадағы № 160-ОД және № 194-ОД бірлескен бұйрығына ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 51-ОД бұйрығымен өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.

Өзгерістер «АЖК» АҚ берген өтінімімен байланысты Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №204-VI «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 22-бабы 1-тармағы 1), 5), 9-1) тармақшаларына және 19.11.2019 ж. №90 Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының (ТҚҚ) 601-тармағының 1), 5), 10) тармақшаларына, сондай-ақ, 602 тармағына сәйкес негізде енгізілді:

1), 1) стратегиялық тауарлар құнының және стратегиялық тауарларды тасымалдауға арналған мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің (бағалардың) өзгеруі; 

5), 5) ұсынылатын реттелмелі қызметтер көлемінің ұлғаюы;

9-1), 10) субъектілерге реттелмелі қызметтер ұсыну кезінде технологиялық циклде қолданылатын мүлікті жергілікті атқару органдарынан, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан сенімгерлік басқаруға алу;

ТҚҚ 602-тармағы - электр энергиясының жалғыз сатып алушысынан электр энергиясын сатып алу бағасының айырмасынан алынған, алдында аяқталған мерзімдегі (жылдағы) нақты шығындардың пайда болуы.

Енгізілген өзгерістермен байланысты, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 2026-2030 жылдарға электр энергиясын беру бойынша реттелмелі қызмет тарифтері келесідей түрде бекітілді: 

  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 13,65 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз);
  • 2026 жылғы 1 сәуірден бастап – 15,42 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз);
  • 2027 жылға – 15,48 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз);
  • 2028 жылға – 16,21 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз);
  • 2029 жылға – 16,58 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз);
  • 2030 жылға – 17,28 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз).

18.03.2026 ж.

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жария тыңдау нысанында бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау және 2025 жылдың қорытындысы бойынша "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізген табыстары туралы есеп беруді өткізетінін хабарлайды.

Табиғи монополия субъектісінің атауы және орналасқан жері: "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ, заңды мекенжайы: Алматы қ., Манас к-сі, 24б;

Есеп беру өткізілетін күн мен орны: 2026 жылғы 15 сәуір, сағат 15: 00-де, Алматы қ., Розыбакиев көшесі, 6.

Ұсынылатын реттелетін қызметтердің түрі: электр энергиясын беру қызметтері.

Есепті тыңдау офлайн және онлайн форматта өткізіледі. Бейнеконференцияға қосылуға сілтеме (Zoom платформасында) "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ ресми сайтында "тарифтер" бөлімінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күні сағат 10:00-ге дейін орналастырылады (https://www.azhk.kz).