Тарифтер

Құрметті тұтынушылар!
ҚР Президентінің тапсырмасын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтеріне тарифтерді төмендету бойынша ҚР Үкіметінің жүргізіп отырған жұмысын орындау мақсатында, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ әлеуметтік маңызды Компания бола отырып, бекітілген Инвестициялық бағдарламаның және 2019 жылға арналған Тарифтік смета бойынша шығындар бөлігінде қызметтің реттелетін түрін ұсынуға арналған шығындарды қайта қарастырды. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның 2019 жылға тарифтің шекті деңгейін төмендетуге тиісті өтінімдер/шешімдер уәкілетті органға жіберілді.
Осыған байланысты, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменттерінің 28.11.2018 жылғы №246-НҚ, № 247-НҚ және Алматы облысы бойынша департаментінің 28.11.2018 жылғы №405-НҚ, 29.11.2018 жылғы № 409-НҚ Бірлескен Бұйрығымен «АЖК» АҚ-ның 2019 жылға электр энергиясын беру және бөлу қызметтеріне арналған тарифтік сметасына өзгерістер енгізілгенін және01.01.2019 жылданбастап қолданысқа енгізілетін, «АЖК» АҚ-ның 2019 жылға5,63 теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз) мөлшерінде, тарифтің шекті деңгейі бекітілгенін хабарлайды.
Сондай-ақ, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменттерінің 28.11.2018 жылғы № 248-НҚ және Алматы облысы бойынша департаменттерінің 29.11.2018 жылғы №410-НҚ Бірлескен Бұйрығымен Алматы қаласы бойынша 21.06.2018 жылғы № 128-НҚ және Алматы облысы бойынша №223-НҚ «Электр энергиясын беру бойынша «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметтеріне уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы» және 2019 жылға «АЖК» АҚ уақытша өтемдік тарифінің деңгейі қайта қаралды. Электр энергиясын беру және тарату бойынша қызметтерге уақытша өтемдік тариф 5,34 теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз) мөлшерінде бекітілді, қолданылу мерзімі 7 ай, 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұл ретте, тарифтің орташа жылдық деңгейі 5,46 теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз) құрайды.
Тарифтің осыған дейін бекітілген шекті деңгейінің төмендеуі 8% немесе 0,45 теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз) құрайды.
Құжаттар:
Бекітілген түзетілген тариф және 2019-2020 ж.ж. арналған тарифтік смета
2018ж. бекітілген түзетілген тарифтік смета және 2019 жылға бекітілген түзетілген тариф пен тарифтік смета
2019 жылға бекітілген өтемдік тариф

Құрметті тұтынушылар!
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департаменттерінің 2018 жылғы 21 маусымдағы №128-НҚ және №223-НҚ бірлескен бұйрығымен «АЖК» АҚ – ның электр энергиясын жеткізу және бөлу қызметтеріне 5,73 теңге/квтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде уақытша өтемдік тарифі бекітілгенін хабарлайды, 2018 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі, мерзімі-1 жыл.
Құжаттар:
2018 жылға бекітілген өтемдік тариф
Бекітілген тарифтің күшін жою туралы

Құрметті тұтынушылар!
"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департаменттерінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі №37-ОД және 2018 жылғы 18 сәуірдегі №67-ОД бірлескен бұйрығы шеңберінде 2018 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2018-2020жж. тарифтердің шекті деңгейлері мен тарифтік сметасы бекітілгенін хабарлайды.:
• 2018 жылғы 1 мамырдан бастап-6,03 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз);
• 01.01.2019 ж.бастап -6,21 теңге/квтс. (ҚҚС-сыз);
• 01.01.2020 ж.бастап -5,93 теңге/квтс. (ҚҚС-сыз ).
Құжаттар:
2018-2020 ж.ж. бекітілген тариф және тарифтік смета

Құрметті тұтынушылар!
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (заңды мекен-жайы: Алматы қаласы, Манас көшесі, 24б) реттелетін қызметтердің (электр энергияны бөлу және жеткізу) 2017 жылғы әрекеттері бойынша тұтынушылардың және өзге мүдделі тұлғалардың алдында жыл сайынғы есебі 2018ж. 15 наурызы сағат 16.00-де өтетінін хабарлайды.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 6 (акті залы).