
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қауіпсіздік мәдениеті бойынша оқыту іс-шараларын өткізді
24-25 ақпан күндері «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Еңбекті қорғау департаментінің маманы С.Б. Кожабековтың қатысумен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қауіпсіздік мәдениеті бойынша бірқатар оқыту іс-шаралары өтті.
Сонымен қатар, «АЖК» АҚ бас инженері, өндіріс жөніндегі атқарушы директор, басқарма басшылары және ЭТА басшылары, компанияның өндірістік қызметкерлері мен еңбекті қорғау басқармасының мамандары қатысты.
Бірнеше күнге созылған оқуда қауіпсіздік құралдары мен әдістері, қауіпті жағдайларды болдырмауға бағытталған қауіпсіздік әдістері мен олардың іс жүзінде қолданылу ерекшеліктеріне тоқталды. Сондай-ақ, қызметкерлердің қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру мәселелері және жеке жауапкершілік пен еңбек қорғау мәдениетінің маңыздылығы талқыланып, еңбек қорғау жүйесіндегі негізгі принциптер түсіндірілді.
Іс-шаралар барысында қатысушылар қауіпсіздік мәдениетінің маңыздылығын түсініп, өз тәжірибелерін жетілдіруге мүмкіндік алды. «АЖК» АҚ алдағы уақытта да еңбек қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған осындай оқыту шараларын ұйымдастыруды жалғастырмақ.

