Бүгін "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ электр тораптар ауданы арасында футболдан іріктеу турнирі өтті

Дүбірлі додада бақ сынасқан командалар арасынан
🥇орынды - 1 ЭТА,
🥈орынды - 7 ЭТА,
🥉орынды - 2 ЭТА командалары жеңіп алды.

Жеңіс тұғырына шыққан командалар "Жергілікті "Серіктес" кәсіподағы" ҚБ дипломдарымен, медальдарымен сонымен қатар, кубоктармен марапатталды. Жарыс барысында ерекше ойын көрсеткен ойыншыларға, үздік қақпашы, үздік шабуылшы, үздік ойыншы, үздік қорғаушы жүлделері табыс етілді. 

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы Спартакиада ойындарында жарқын жеңіс пен сәттілік тілейміз!