Азаматтық қорғау

Азаматтық қорғау қызметі "АЖК" АҚ-да 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылды. Азаматтық қорғау қызметі бейбіт және соғыс уақытында азаматтық қорғаудың арнайы іс-шараларын орындайды, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының зақымдау факторларынан, төтенше жағдайлардың салдарларынан халықты қорғауды және жеке құрамды оқыту бойынша іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етеді.

АҚ қызметі өздеріне жүктелген міндеттерді азаматтық қорғаудың басқа күштерімен және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жұмылдырылатын бөлімдері мен бөлімшелерімен тығыз өзара іс-қимылда шешеді. Қызметтердің күштері мен құралдарын дайындау табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы нәтижесінде, сондай-ақ қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану нәтижесінде туындауы мүмкін болжамды жағдайды ескере отырып жүргізіледі.

Азаматтық қорғау қызметінің негізгі міндеттері:
қызметтің азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлеу және уақтылы түзету;
қызмет құрылымдарын құру, ұстау, жеке құраммен жасақтау және материалдық құралдармен жабдықтау;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық пен аумақты қорғау мәселелерін насихаттауды, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде және қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану кезінде халықты іс-қимылдарға үйретуді ұйымдастыру;
медициналық құралымдарды құру және ұстау, оларды техникамен, мүлікпен және жарақтармен жабдықтау;
іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу, төтенше жағдайлар аймақтарында өрттерді ауыздықтау және сөндіру.