Doing Business

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ әлемнің дамыған 30 еліне кіру және бизнес жүргізу үшін жағдайларды жақсарту аясында Doing Business Дүниежүзілік банкінің рейтингінде «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы бойынша Қазақстан Республикасын ұсынады. Doing Business баяндамасы 17 рет жасалды және әлемнің 190 елін қамтиды. Ол бүкіл қызмет циклі ішінде бизнесті дамытуға ықпал ететін немесе кедергі келтіретін реттеу нормаларын, соның ішінде кәсіпорын құруды, бизнесті жүргізуді, сыртқы сауда қызметін жүргізуді, салық төлеуді, сондай-ақ инвесторлардың құқығын қорғау деңгейін зерттейді.
2019 жылы Қазақстан «Doing Business 2020» Дүниежүзілік банкінің топтар рейтингінде үш сатыға көтеріліп, алғаш рет үздік 25 елдің қатарына енді.
Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес, Қазақстан бір жыл ішінде үш сатыға көтеріліп және соңғы екі жыл ішінде 11 позицияға көтеріліп, 25-ші орынға тұрақтады (2017 - 36 орын, 2018 - 28 орын).
Жалпы алғанда, Қазақстан 10 негізгі индикаторлар бойынша бағаланады. 10 негізгі индикатордың ішінде Қазақстан 3 индикатор бойынша өз позициясын жақсартты.
Дүниежүзілік банктің хабарламасында Қазақстан үш индикатор бойынша айтарлықтай өскенін көрсетті, олардың бірі «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» (+9 позиция), яғни 76-орыннан 67-орынға көтерілді.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электр желілеріне қосылу процесін оңтайландыру бойынша жүйелі және жоспарлы жұмыс жүргізуде.
Басқарманың 2019 жылғы 9 сәуірдегі №5 Шешімімен тұтынушылардың электр қондырғыларын «АЖК» АҚ электр тоаптарына қосудың жаңа Реттемесін жасап, бекітті, бұл қосылу рәсімдерін едәуір жеңілдетеді - егер бұрын тұтынушы «АЖК» АҚ қызметкерлерімен 7 сатыда байланыс орнатса, қазіргі кезде тек 3 сатыда ғана:
1.Техникалық шарттарды алу кезінде
2.Қабылдап-тапсыру сынақтары кезінде
3.Электр қондырғыларды қосу кезінде (коммерциялық есепке алу және кернеуді беру жүйесін қабылдау)

Тұтынушылар ұсынатын құжаттардың саны азайды, егер бұрын электр қондырғысын қосу үшін тұтынушыға 10-нан астам құжат ұсыну қажет болса, қазір кезде тек екі құжат қана:
1.Техникалық шарттар көшірмесі
2.Электрмен жабдықтауға арналған жоба көшірмесі

2021 жылға электрмен жабдықтау сенімділігі көрсеткіштерінің есебі
2020 жылға электрмен жабдықтау сенімділігі көрсеткіштерінің есебі
Электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша есеп 2018ж..
Электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша есеп 2019ж..
Подробнее

Электрмен жабдықтау

жүйесіне қосу