Компания бүгін

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – бұл Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушыларына электр энергиясын жеткізуді және бөлуді жүзеге асыратын ірі электр энергетикалық компания.
Бүгінгі таңда «АЖК» АҚ Алматы өңіріндегі 4 миллионға жуық адамды электр қуатымен қамтамасыз етеді.
Компанияның қызметі тұтынушыларды сенімді және үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етуге және аймақтың энергетикалық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған. «АЖК» АҚ-ның жалғыз акционері «Самұрық-Энерго» АҚ болып табылады.

220-110-35-10-6-0,4 кВ кернеу кластарының электр тораптары «АЖК» АҚ теңгерімдік тиесілілігіне жатады.
Компанияның құрамына кіреді:

  • ұзындығы 410,34 км кернеуі 220 кВ әуелік электр жеткізу желілері;
  • ұзындығы 2 698,95 км 110 кВ әуе желілері;
  • кернеуі 35 кВ электр тораптары - жалпы ұзындығы 2602,87 км әуелік және кәбілдік желілер;
  • 10/0,4 кВ электр жеткізетін бөлу желілері 23 571,75 км.

«АЖК» АҚ теңгерімінде тұр:

  • кернеуі 35 кВ және одан жоғары 209 қосалқы станция;
  • 6 762 дана кернеуі 6-10/0,4 кВ бөлуші трансформаторлық қосалқы станциялар;
  • 6-220 кВ трансформаторлардың жалпы саны - 8 474,, жиынтық қуаты 9 808,2 МВА.

Біздің миссиямыз

Алматы қаласы мен Алматы облысының артып келе жатқан жүктемелерін қамтамасыз ету үшін Қоғамның әрекет аймағында электр желілерінің сенімді жұмыс істеуі мен тиімді дамуын қамтамасыз ету.

Біздің мақсатымыз

Қазақстан Республикасының ЕЭС-нің оңтүстік аймағында жетекші орын алатын электр желілік компания болу.

Біздің құндылықтарымыз:
Қамқорлық

Біз әрқашан көмекке келуге және қолдау көрсетуге дайынбыз.
Біз әріптестерімізбен және серіктестермен сенімді қарым-қатынас жасау үшін ашық әрекет етеміз.
Біз тәлімгерлікке, тәжірибені сақтауға және бөлісуге дайынбыз.

Уәдеге беріктік

Біз үздіксіз және сапалы жұмыс үшін жауап береміз.
Біз болашақ ұрпақ алдында жауап береміз және қоршаған орта мен экологияға ұқыпты қараймыз.
Біз барлық жерде қауіпсіз, жайлы және бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларын жасау үшін жауапты боламыз.
Біз қабылданған міндеттемелерге адалмыз.

Адалдық

Кез келген мәселелерді шешуде біз жағдайды объективті бағалаймыз және әділ әрекет етеміз.
Біз тең талаптарды қолданамыз және тең мүмкіндіктер береміз.
Біз басқалардың пікірін бағалаймыз, өз ой-пікірлерін айтуға және оларды естуге мүмкіндік береміз.

Тәжірибе

Біз қойылған міндеттерге адал қараймыз және жұмыстан ләззат аламыз.
Біз өз ісінің кәсіпқойларымыз, өз-өзімізді жетілдіріп отырамыз және нәтижеге қол жеткіземіз.
Тиімділікті арттыру үшін біз әр түрлі көзқарастарды іздейміз және әр түрлі әдістерді қолданамыз.

Біздің қызметкерлер

Біздің негізгі ресурсымыз - адам ресурсы болып табылады.
Компанияда 4000-ға жуық қызметкер жұмыс істейді. Біз олардың әрқайсысын бағалаймыз және олардың кәсіби өсуіне барлық жағдай жасауға тырысамыз.
Компанияның ұжымында жоғары мемлекеттік наградалар мен құрмет грамоталарына ие болған адамдар жұмыс істейді. Мысалы, «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі, Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының еңбек сіңірген энергетигі, ҚЭҚ-ның еңбек сіңірген энергетигі, ҚЭҚ-ның Ардагері, «KAZENERGY» Қауымдастығының медалі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Құрмет грамоталары, Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамоталары және басқалар.