Компания тарихы

1928
әрқайсысының қуаттылығы 170 кВт болатын үш генераторы бар алғашқы дизельді электр станциясы іске қосылды
1936
Қазақ КСР-нің ҰҚК коммуналдық шаруашылықтың халықтық комиссариатының жанынан энергетикалық басқарма құрылды, оның құрамында электр желілерін пайдалану және монтаждау кеңсесі құрылды.
1941
кернеуі 6 кВ-тық электр жеткізудің әуе желісінің тармақталған желісі құрылды.
Ұлы дүниежүзілік соғыс басталмай тұрып, 1937 жылы басталған Үлкен Алматы өзенінде Алматы желілерінің каскадының құрылысын қамтамасыз ету үшін кернеуі 35 кВ-тық алғашқы электр жеткізу желісі және ЦЭС-ГЭС-7-11 салынды.
Ұлы дүниежүзілік соғыстың басталуына байланысты мемлекеттік электр желілерді дамыту тоқтатылды. Осы кезеңде электрмен жабдықтау жағдайы шиеленісе түсті, бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар мен мекемелер эвакуацияланды, жұмысшылардың барлық күш-жігері Үлкен Алматы өз.
Гидрокаскадының төменгі ГЭС-ты салуға бағытталды.
Соғыстан кейінгі кезең Алматы электр желілерінің қарқынды дамуымен сипатталады.
1943
9 тамызында
КСР электр станциялары Халықтық комиссариатының №157 бұйрығымен электрмен жабдықтауды ретке келтіру және Қазақстан аумағында электр станцияларды пайдалану және жаңа ГЭС салуды тиісті күйге бағыттау және электрмен жабдықтауды ретке келтіру мақсатында Алматыда «Қазақэнерго» Қазақ аудандық энергетикалық басқармасы құрылды (1963 жылдан бастап «Алма-Атаэнерго»), оған Алматы Орталық электр станциясының (ОЭС), Алматы электр тораптарының басқармасы және пайдалануға берілгеннен кейін жаңадан салынған су электр станциялары бағынышты болды.
1947
35/6 кВ-АЗТМ алғашқы қосалқы электр станциялары - қуаттылығы 10 МВа және қуаттылығы 5,6 МВа Киров атындағы зауыт салынды және пайдалануға берілді, Каскад ГЭС электр станцияларының құрылысы қайта жанданды, екі тізбекті «Каскад ГЭС-ЦЭС» 35 кВ-ӘЖ құрылысы басталды, ЦЭС-ПС8 35кВ-ӘЖ және 35/6кВ-ҚС салынды.
1961
негізінен Алматы қ. электрмен жабдықтаудың 110 кВ сыртқы айналымының құрылысы аяқталды, қаланың орталық бөлігіндегі 6 кВ-тық электр жеткізудің әуе желілері кәбілге ауыстырылды.
Алматы энергия жүйесінде электр энергиясын тұтынудың қарқынды дамуына байланысты, электр қуатының тапшылығы туындады және Алматы мен Қырғызстанның энергия жүйелерін байланыстыратын 220 кВ-тық электр жеткізу желісін салу туралы шешім қабылданды.
1968
«Алма-ата-Быстровка-Фрунзе» 220кВ-ӘЖ пайдалануға енгізілді. Сол жылы «Текстильная» 220кВ ҚС-да қайта құру жүрргізілді және АГРЭС-те 220кВ-ОРУ салынды.
1974
«Алма-ата-Главная» 220кВ екінші электр жеткізу желісі салынып, пайдалануға берілді.
1987
Алматы энергетикалық жүйесін дамытудың маңызды кезеңі 500кВ-ҚС-ны қосу және «Алматы-Фрунзе» №514А және 500кВ-ӘЖ-ні және қуаты 167 МВА бір автотрансформатор тобын қосу арқылы 500кВ кернеуді игеру болды.
1992
кернеуі 500 кВ-тық «Агадырь-ЮК-ГРЭС-Алма-ата» электр жеткізу желілері салынды, бұл Солтүстік Қазақстан және Солтүстік Азияның энергия жүйелерінен электр жүктемесінің жоғары уақытында электр энергиясын алуға мүмкіндік берді, ол Алматы және Талдықорған облыстарында қуат тапшылығын Солтүстік Қазақстанның электр көздерінен алу арқылы Алматы энергия жүйесінің тұтынушыларын сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етті.
Осылайша, Алматы электр желілері кәсіпорны Алматы энергия жүйесінің жоғары дамыған энергетикалық шаруашылығына айналды, тұтынушыларды сапалы электр сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етудің күрделі мәселелерін шешуге қабілетті болды. Алматы энергетикалық жүйесі Бірыңғай энергия жүйесіне кірді.
1996
тамыз
«Алматы Пауэр Консолидейтед» АҚ (ЖЭО 1,2,3, ЗТК, Қапшағай ГЭС-і, Каскада ГЭС-і, АӨЭК, ҚЭБТ, ПРП, ЦПВТ және Басты офис департаменті құрамында) «Алматыэнерго» мемлекеттік компаниясының басты мирасқоры болды, оны «Трактебель C.A.» белгьгиялық компаниясы жекешелендіріп алған (Бельгия).
Қоғамның құрылтайшысы «Трактебель Си-Ай-Эс-Центральная Азия» ЖШС болды. Қоғамның негізгі қызмет түрлері: электр энергиясын, жылу мен буды өндіру, беру, қайта құру, қайта құру, бөлу және жеткізу. Қоғам Алматы қ. және Алматы облысындағы энергетикалық секторды жекешелендіру аясында құрылған тік біріктірілген энергетикалық компания болды.
1999
18 мамыр
компания ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес «АПК» ЖАҚ деп қайта тіркеліп, кейіннен сәйкесінше «АПК» АҚ болды.
2000
мамыр
«Пауэр Холдингтегі» «Трактебельдің» 60 % үлесі «КазТрансГаз» ЖАҚ-ға сатылды. «Пауэрфин Холдингтің» қалған 40% акциялары кейіннен бірнеше сатыда «Иктус Интернешнл Н.В.» - мен сатып алынды (Нидерландылық Алтилық Аралдар, Кюрасао, Чучубивег 17).
2001
Алматы қаласы Әкімшілігі «Пауэрфин Холдингтің» 100% акциясын сатып алды, сөйтіп «АПК» АҚ–ның жалғыз иегері болды.
2003
30 маусым
«АПК» АҚ Қазақстанның «Халық Банкі» алдында өз қаржылық міндеттемелерін өтей алмауы себебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі «Алматы қаласының энергетикалық кешенінің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету туралы» «КазТрансГаз» компаниясымен «АПК» АҚ–ның мүліктік кешенін сатып алу жөнінде 2005 жылғы 30 маусымда № 653 қаулы қабылдады.
2005
30 маусым
«КазТрансГаз» АҚ (Мирасқор), «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ (Несиегер) және «Алматы Пауэр Консолидэйтед» АҚ (Қарызгер) арасында талап құқығына жол беру (цессия) Келісіміне қол қойылды, оған сәйкес Мирасқор Несиегер алдында барлық міндеттемелерін орындады.
2005
17 тамыз
«Пауэрфин Холдинг» «КазТрансГаз» АҚ меншігіне «АПК» АҚ-ның 100% акциясын ұсынады.
2007
«АПК» АҚ «Самұрық–Энерго» АҚ–ның басқаруында болды. Кейіннен, 2009 жылдың 14 шілдесінде «КазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі негізінде «АЖК» АҚ «Самұрық-Энерго» АҚ -ның құрамына берілді.
2007
қаңтар – наурыз
«Алматы Пауэр Консолидэйтед» АҚ–ны қайта құру бойынша негізгі рәсімдер аяқталды және АПК қызметінің қайта құрылымдауы жүргізілді: «Алматы электр станциялары» АҚ–ға жылу энергиясы және электр энергиясының өндірісі шығарылды (бұдан әрі - АлЭС); «Алматы жылу желілері» АҚ–ға жылу мен ыстық суды тарату және бөлуі шығарылды (бұдан әрі - АлТС) –қазіргі уақытта «АлТС» ЖШС; «Ақтөбе АЭО» АҚ–ға Ақтөбеде жылу қуатын, ыстық суды, электр қуатын өндіру шығарылды (бұдан әрі - АТЭЦ).
Сонымен бірге АПК-ға 2007 жылы Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілген, «АлТС» ЖШС–ні қоспағанда, аталған еншілес ұйымдардың 100% пакеті тиесілі болды. Қазіргі уақытта, «АлТС» ЖШС–ның иегері Алматы қ. Әкімшілігі болып табылады.
2009
26 қаңтар
Қазақстан Репсубликасы Азаматтық Кодекстің 42- бабы, 6- тармағы, 2- тармақшасына сәйкес және «КМГ-Энерго» АҚ-ның № 04-п бұйрығына сәйкес, компания атауының өзгеруіне байланысты «Алматы Пауэр Консолидейтед» АҚ «Алатау Жарык Компаниясы» АҚ деп («АЖК» АҚ) қайта тіркелді.